Колледждің материалды- техникалық базасының  қазіргі техникамен жабдықталуы, көрнекі құралдар, білу белсенділігін арттыратын әдістемелік құжаттар, студенттердің өзіндік және кәсіби шығармашылық біліктілігін арттыруды  қамтамасыз етеді.

Колледждің өзінің типтік оқу ғимараты, оқу тәжірибелік шеберханалары, спортзалы, акт залы, асханасы, кітапханасы, медпункті бар.

Оқытылатын мамандықтарға сәйкес колледждің оқу алаңы барлық санитарлық талаптарға, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына, ГОСО талаптары мен біліктілік талаптарына сай.

Колледж ғимаратының жалпы көлемі 460,71 шаршы метрді құрайды.

Оқу ғимаратының жобалық қуаты  480 оқушы орнын құрайды, асхана-240 орын, оқу залы- 30 орын, акт залы- 240 орыннан тұрады.

Колледждің оқу-материалды базасын құрайды:

- жалпы білім беру саласының компьютермен, интербелсенді құралдармен жабдықталған 7 кабинеті

 - Компьютерлермен, аудио және видео құралдармен, интербелсенді құралдармен жабдықталған арнайы пәндердің 10 кабинеті және зертханалары

- 3 компьютерлік кабинет

 - Колледждің асханасы

-  Оқу тәжірибесіне арналған «Кулинария»

- Оқу тәжірибесіне арналған электролаборатория

- Оқу кабинеттері

- Оқу тәжірибесіне арналған тігін шеберханасы

- Ғаламтор  желісіне қосылған компьютерлік кабинет

- Колледждің спорт залы

- Колледждің спорттық алаңы

- Оқу тәжірибесін өткізуге арналған слесарлық шеберхана

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр