togzhanova60Тогжанова Жибек Жуматаевна

педагог-психолог

Задать вопрос психологу

Задать вопрос психологу колледжа
Заполните пожалуйста все необходимые поля

 

Психологиялық қызметтің мақсаты:

студенттердің отбасында, колледжде және әлеуметтік ортада өзін-өзі анықтай білуіне, толыққанды жеке дамуына, оң әлеуметтендірілуіне, кәсіби қалыптасуына жағдай жасауға  қол ұшын беру.

Негізгі міндеттер:

-Педогогикалық қызметкерлерге және студенттерге дер кезінде кешенді психологиялық көмек көрсету;-

-Дарынды балалармен жұмыс,жеке шығармашылық әлеуетін, табиғи қабілетін анықтау және дамыту;

-Психофизикалық  даму ерекшелігі бар студенттерге және қиын әлеуметтік жағдайда қалған студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

-Туындаған мәселелерді шешуде  педогогикалық процесстің барлық қатысушыларына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсету;

-Педагогтармен, ата-аналармен, студенттермен бірігіп жұмыс істеу үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау;

-Күрделі  бейімделу кезеңінде педагогтар мен студенттерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

-Салауатты өмір салтын насихаттау, кері әлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу;

Әрекет  ұстанымдары:

-Студенттердің қызығушылықтары мен құқықтарының басымдылығы;

-Жеке бағытталған тәсіл;

-Қолжетімділік;

-Құпиялылық.

Жұмыс бағыты:

-Психологиялық кеңес беру;

-Психологиялық  диагностика;

-Психологиялық ақпар беру;

-Психологиялық түзету

                               

Психолог көмектеседі:

  • Дағдарыс жағдайларынан шығу жолдарын табуды үйренуге
  • Өз күштерін тексеруге
  • Ішкі резервтерін табуға
  • Күйзелістен шығуға
  • Қандай да бір таңдаудың пайдалы және зиянды жақтарын анықтауға.

Осы және басқа да мәселелер әр адамның өмірінде туындайды. Барлық күрделі сұрақтарға бірден жауап табыла қоймайды. Ойлануға уақыт тығыз болғанда немесе ары қарай не істеу қажет екенін білмеген жағдайда не істеу керек? Міне, осындай  жағдайда психологқа жүгіну-оңтайлы әрекет нұсқаларының бірі .

Психологқа қалай жүгіну қажет?

Психологқа жүгіну себептері әртүрлі:

Өзіне көңілі толмау.

Депрессия.

Жақын адамдарымен өзара түсіністіктің болмауы (ата-ана мен баланың,қыз бен жігіттің).

Ата-ананың айырылысуы, ажырасуы

Педагогтар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста туындаған мәселелер

Оқудағы мәселелер.

Өз МЕНІН іздеу.

Әр түрлі дау-жанжалды жағдайлар.
... және толып жатқан басқа жағдайлар.

 Жағдайға шынайы үңілу әрқашан бола бермейді, ал «бұлдыраған» көз ақиқатты жиі байқай бермейді.Түсінікті  жағдайды  бөтен адамға жай ғана суреттеп берудің өзі, оны жаңаша қабылдауға мүмкіндік береді. Психолог көмекке мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетеді.

Сен қайғырып жүрсің бе? Өз ішіңде тұйықталып қалма!
Өзің сенетін үлкен адамдармен сөйлес!
Психологтың есімі- Тоғжанова Жібек Жұматаевна

Басқа адам үшін ешкімнің де шешім қабылдауға құқығы жоқ! Сондықтан да мұнда тура кеңес бермейді. Мұнда жағдайлардың байыбына баруға және өзің шешім қабылдауғаүйретеді.

Жұмыс тәртібі

Психологтың жұмыс кестесі

Дүйсенбі

09.00 – 17.30

Сейсенбі

09.00 – 17.30

Сәрсенбі

09.00 – 17.30

Бейсенбі

09.00 – 17.30

Жұма

09.00 –17.30

Онлайн кім

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр