fasad

Колледждінің даму тарихы

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі кәсіптік-техникалық білім беру саласының даму тарихында №6 орта кәсіптік-техникалық училищесі атауымен КСРО химия өнеркәсібі министрлігінің пластикалық масса зауытына білікті мамандарды дайындау үшін ҚазКСР кәсіптік-техникалық білім беру Мемлекеттік комитетінің  14 сәуір 1986 жылғы №117 бұйрығы бойынша құрылған болатын.

 

Оқу орынының мәртебесі бірнеше рет өзгерді:

  • 14 сәуір 1986 жыл - №6 орта кәсіптік-техникалық училищесі
  • 1 шілде 1996 жыл - №6 орта кәсіптік-техникалық лицейі
  • 10 тамыз 2004 жылы – Мемлекеттік мекеме «№1 кәсіптік лицейі»
  • 22 мамыр 2008 жылы – Мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны «№1 кәсіптік лицейі»
  • 3 тамыз 2012 жыл - Мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» 

 

Оқу орнының директорлары:

  • 26.11.1985 – 01.09.2007 жылдары - Губашев Бергали Куанышкалиевич
  • 16.01.2008 – 25.08.2009 жылдары - Тлепиева Гульмира Шапеновна
  • 10.10.2009 жылдан бастап - Қайырбаев Өтеген Тілегенұлы

Оқу орнының жобалық сыйымдылығы 480 орынға арналған үш қабатты оқу ғимаратынан тұрды. Ашылған уақытта оқу орны  КСРО химия өнеркәсібі министрлігінің пластикалық масса зауытының қарамағына берілді. Оқу ғимаратында өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін шеберханалардың болмауына байланысты базалық мекеменің цехтарында мамандандырылған оқу бөлімшелері құрылды.

Алғашқы оқушыларды қабылдау 1986 жылы тамыз айында 6 мамандық бойынша жүргізілді:

  • ·         Бақылау-өлшеу аспаптары  мен  автоматика жөніндегі  слесарі;
  • ·         Технологиялық  құрылғыларға  қызмет  көрсету  және  жөндеу слесарі;
  • ·         Электромонтер
  • ·         Аппаратшы
  • ·         Аспазшы
  • Сатушы

Ашылған жылы 338 оқушы қабылданды. Оның ішінде 8- сынып базасында – 227 оқушы, 10- сынып базасында – 111 оқушы болды.

1987 жылы оқу орны пластикалық масса зауытымен және Каспий өңірі тау-кен металлургия комбинатын жұмысшылармен қамту басқармасымен 1987-1990 жылдарда мамандарды дайындау мақсатында келісім шартқа отырды.

1990 жылы пластикалық масса зауытымен және Маңғышлақ энергокомбинатымен келісімшарт қабылданып, білікті мамандарды оқыту, дайындау жұмыстары жалғасын тапты.

           

Тәуелсіз Қазақстанда білім саласын реформалау, білім беруді жетілдіру, оқу орындарын оңтайландыру мақсатымен  «Білім беру мекемелерінің желісін және құрылысын оңтайландыру» туралы 1996 жылдың 14 наурыз айынан бастап ҚР білім беру министрлігі алқасының шешімі  және «ҚР кәсіптік-техникалық білім беру туралы уақытша Ережесін бекіту» ҚР білім беру Министрлігінің 1996 ж. 26 тамыз айында шыққан №277 бұйрығы негізінде  №6 орта кәсіптік-техникалық училищесі 1996 жылдың 1 шілде айынан бастап «№6 кәсіптік-техникалық лицей» атауы беріліп, қайта құру туралы Маңғыстау облысының білім басқармасының 1996 жылдың 30 тамыз № 91-А-ОД бұйрығы шығарылып, оқу орнының атауы өзгерді. Кәсіптік білім беруді, жоғары білікті мамандар мен орта буын мамандарды дайындауды үздіксіз қамту және алдағы уақытта жетілдіру мақсатында облыстық білім басқармасының 1996 жылы 7 тамыз айында №89 бұйрығы негізінде №6 кәсіптік-техникалық лицейінде жаңа мамандықтар ашылды:

  • ·         Тамақ дайындау және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру технологиясы
  • ·         Сауданы ұйымдастыру және халық тұтыну тауарларының тауартануы
  • ·         Банк ісі
  • ·         Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті бақылау, талдау

Кәсіптік-техникалық лицейінің негізгі міндеттері:

Мемлекеттік тапсырыстың, мекемелердің, жұмыспен қамту орталығының және басқа да ұйымдар мен жеке азаматтардың келісім шарттарының негізінде, өндірістен қол үзу немесе үзбеу түрінде қамту, жеке оқыту жолдарын қарастыру арқылы мамандарды дайындау, сонымен қатар жұмыссыз халықтың арасынан мамандарды дайындау мен қайта даярлауды жүзеге асыру.

 

1997 жылы №6 кәсіптік-техникалық лицейіне пластикалық масса зауыты мен ММ «Ақтаутрансгаз» базалық мекемелері ретінде бекітіліп, төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындады:

  • ·         Бақылау-өлшеу аспаптары  мен  автоматика жөніндегі  слесарі;
  • Сорапты қондырғылардың машинисі;
  • Электромонтер;
  • Электромеханик;
  • Сатушы;
  • Аспазшы;
  • Аспазшы-кондитер;
  • Технолог

2008 жылдың 22 мамыр айының № 373 Маңғыстау облысы Әкімінің қаулысы негізінде Маңғыстау облысы білім Департаментінің  «№1 кәсіптік лицей»  ММ Маңғыстау облысы білім Басқармасының мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны «№1 кәсіптік лицейі» болып өзгертілді.

2012 жылдың 3 тамыз айының №191 Маңғыстау облысы Әкімінің қаулысы негізінде мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны «№1 кәсіптік лицейі» Маңғыстау облысы Білім Басқармасы мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» атауына өзгертіліп,  бәсекеге қабілетті, жоғары білімді мамандарды еңбек нарығына қосуда ат салысып келеді.

Қазіргі таңда МКҚК «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» төменде көрсетілген мамандықтар бойынша мамандарды дайындауда:

Мамандық атау

Біліктілігі

0508000 «Тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру»

050801 2 - Аспазшы

1226000  «Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру».

122603 3 - Технолог

 1307000  – «Электрлік байланыс және желілік хабар тарату, желілік құрылымдарын пайдалану»

130702 2  - Электр байланысы жүйелі құрлыстары мен сымдық хабар тарату жүйелері электромонтері.

130706 3- Байланыстың желілік құрылымдары мен абоненттік  құрылғылар электр механигі

  1013000 «Өнеркәсіптегі механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және автоматтандыру»

101306 2 Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі.

101307 3 – Техник-механик

1305000  Ақпараттық жүйелер  (пайдалану салалары бойынша)

130502 3 – Техник-бағдарламашы

0902000  «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)»

090203 3 – Техник-электрик

1211000  – «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»

121106 2 - Тігінші

121108 3 – Модельер-конструктор

1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

103401 2 – ЭЕМ операторы

130406 3 Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету технигі

 

Колледж миссиясы: Еңбек нарығында технология және қызмет ету саласына біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті орта буын және жұмысшы мамандарын дайындау жүйесін арттыру, үздіксіз кәсіби өсуіне дайындау, кәсіби жоғары және әлеуметтік табысты тұлға қалыптастыру.

Оқу орнының атауы да өзгерді, жаңа міндеттер де жүктелді.

Ең бастысы жоғары сапалы білім беруде, отандық жұмысшы мамандарды бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының сұранысына ие болып дайындауда  оқу орнының кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы орны ерекше.

     Бүгінгі күні білім беру жүйесі жұмысын жақсартуды, еңбек нарығындағы тұтынушылықты зерттеу мәселесінде колледждің, жұмыс берушілердің тұрақты әрекеттестігін және оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жұмыс берушілер талаптарына сәйкес жетілуін талап етеді.

Колледждің материалдық-техникалық жағдайы қазіргі талаптарға сәйкес және бәсекеге қабілетті орта буын және жұмысшы мамандарды техникалық және қызмет көрсету салаларына дайындауға, теориялық және практикалық сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізуге толықтай қамтамасыз етілген.

  • 240 орындық асхана;
  • 30 орындық оқу залы бар кітапхана;
  • 180 орындық акт залы;
  • Спорт залы және спорт алаңы;
  • 17 оқу кабинеті;
  • 2 зертхана;
  • 3 шеберхана;
  • 3 Интернет желісіне қосылған компьютерлік сынып;

Кітапхананың жалпы кітап қоры – 32892, оның ішінде оқушыларға арналған оқулықтар - 13429, оқу-әдістемелік құралдар – 817, көркем-әдеби кітаптар – 3489, арнайы пәндер бойынша – 11782, электрондық оқулықтар – 710, әр сала бойынша оқулықтар – 2665, мемлекеттік тілдегі кітаптар – 11599 дана.

Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және студенттердің білім деңгейін арттыру мақсатында кітапхана жыл сайын елуден аса газет-журналдарға жазылады.

Кітапханаға МАРК-SQL  автоматтандырылған кітапханалық ақпарат бағдарламасы енгізіліп, жұмыс жасауда.

Онлайн кім

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр