42

        ҚБ "Ақтау саңыраулар қоғамы" №17 02.12.20ж хатына сайкес    Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінін студенттері Халықаларық мугедектер күніне орай, тірек-кимыл аппараты зақымдалған және естімейтін, есту қабілеті нашар мүгедек спортшылар арасында шахматтан, үстел теннисінен облыстық ашық чемпионатына қатысып жүлделі орындарды иеленді. Студенттеріміздің спорттағы жеңістерімен  мақтанамыз!

Аманов Айбек           ІІ-орын       (шахматтан)

Қабылов Нұрсұлтан  ІІІ- орын    (үстел теннисінен)

Щолокова Анжела     ІІІ-орын    (үстел теннисінен)

Қайыпбергенов Қазбек Жеңіске деген ерік жүгер ушін номинациясымен марапатталды.

 

PHOTO 2020 12 14 14 26 54 PHOTO 2020 12 14 14 26 55

1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Болашағыңды ойла! АИТВ-дан қазір сақтан!»атты облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері, эпидемиолог дәрігер Жайлиева Гульбану Николаевнамен колледж студенттеріне онлайын семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар барысында мамандар «АИТВ-инфекциясы туралы не білу керек?» саулнама өткізді. Іс-шараның мақсаты - қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қоғамның назарын аудару , оның мәні мен себептерін анықтау, мәселелерді шешу тәсілдерін талқылау, студенттер шараға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Семинарға 100 студент қатысты.

PHOTO 2020 12 04 15 44 01 PHOTO 2020 12 04 15 44 03 PHOTO 2020 12 04 15 44 04

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде Жалпы адамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында ZOOM платформасында  директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Б.Сәрсенбаеваның ұйымдастыруымен тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға,құндылықтарды, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді:сынып сағаттары,әңгімелесу, мәнерлеп оқу сайысы, поэзия кештері, эссе жазу байқауы, ашық сабақтар.

1) Д-20/01 тобындаөзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Рапих Айсана Тлегенқызы «Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2) МК-20/01 тобында топ жетекшісі Гүлнар Мүсірқызы Байесенованың ұйымдастыруымен  «Отбасы құндылықтары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

3) 1 курс студенттерімен тарих пәні оқытушысы Тәжіғалиева Райхан Тұрғанбайқызы «Жалпы адамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында  мәнерлеп оқудан байқау өткізді. 

4) 1 курс студенттерімен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Құрсақбаева Әдемі Бекеновна, Мендеева Сәнімгүл Амантаевна және ағылшын тілі пәні оқытушысы Ердешева  Жанат Абдрахмановна «Адамзаттың мәңгі  құндылықтары» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.

5) МК-19/01 тобында «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, ал дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында топтың сынып жетекшісі Қосбаева Айдана Темірғалиқызы ұйымдастырған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ел экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіптік және техникалық білім саласы 80 жыл ішінде  талай тарихи белестерден өтіп, бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешті.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуынакәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр.

"Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген.

Бұл заманға сай білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс. 180 кәсіптік оқу орны таңдалып алынды.

Солардың бірі – біздің Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі.

Қазіргі таңда «Жас маман» жобасы аясында жоспарланған екі құзыреттілік бойынша Байланыс және телекоммуникация, тігін ісі және киімді модельдеу оқу орталығының заманауи құрал-жабдықтарын тапсырушылар әкеліп, орнатып жатыр.

Әрдайым жаңашылдыққа ұмтылатын еліміз кәсіптік және техникалық білім жүйесін индустриялық-инновациялық дамудың талаптарына сәйкес модернизациялауды ұстанып отыр. Қазіргі қоғамда сұранысқа ие болатын мамандықтар бойынша кадр дайындау басты мақсаттардың бірі. Осы орайда ұстаздарға жүктелетін міндет жүгі жеңіл емес. 

Құрметті оқытушылар, колледж студенттері және кәсіптік білім беру ұйымдары!

Адамзаттың барлық салалары үшін білікті кәсіби және техникалық кадрларды даярлаудың маңыздылығы мен қажеттілігін тағы бір рет еске салатын мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге шыдамдылық, денсаулық пен амандық тілейміз!

Снимок1 бейнеқұттықтауға сілтеме

"Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық" ҚБ Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған "ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ШАШУ" атты қашықтықтан облыстық әндер байқауына Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің қатысушысы Рзаева Раиса Жеткізгенқызына СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ.

Ана туралы баллада. 

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үйде отырып қашықтықтан оқыту жүйесі кезінде тәрбие жұмысын өткізу мақсатында «Мықты отбасы –Мықты мемлекет» атты челендж ұйымдастырылып өткізілуде.

 

"Менің отбасым" тәрбие сағаты
"Менің отбасым менің ірге тасым"

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі студенттеріне «Ақерке» клиникасының дәрігер терапевті Мелсова Ботагоз Куанышбаевна Короновирустың алдын-алу жөнінде видеоролик көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж медбикесі Ажар Мусаева желдету режимі, тазалық режимдері күнделікті қамтамасыз етілетінін, короновирусқа қарсы плакаттар колледж қабырғаларына ілінгені туралы айтып өтті.

89648562 902428853551892 6380823725285048320 o

89695741 902429346885176 952738739707183104 o 89830534 902429943551783 1460513898271604736 o

Онлайн кім

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр