Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің жалпы педагогикалық талаптары.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабы. Балаларының қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Топтардың ата-аналарына осы бапты талқылап жеткізу.

1.Колледж міндеті:

  • Студенті  қоғамға өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр студенттің қабілетін барынша, әрі мүмкіндігінше психологиялық жағдай туғызу;
  • Студенттің сабаққа қатысуына барынша ыңғайлы жағдай жасау;
  • Студенттің кәсіптік-техникалық мамандық алуына барлық жағдай жасау;
  • Студент  іс-әрекетін оның жасына, дара ерекшелігіне сәйкес ұйымдастыру;
  • Осы ішкі тәртіп ережесі бойынша колледж Жарғысының талаптарын сақтау;
  1. 1.1.Мынадай жағдайларда студентті қайта сабаққа кіріктіру.
  • ауырып қалғанда (уақытында ескерткенде және анықтамасы бар болса):
  • санаториялық-ақпараттық емдеу (жазбаша түрде уақытылы ескерткен

және анықтамасыбар болса):

  • карантинде (жазбаша уақытылы ескерткенде және анықтамасы болса):

2. Ата-ана міндетті:

  • Колледж Жарғысының және осы  ішкі тәртіп ережесінің, колледж Жарғысының жауап беретін оқу орны талаптарын және педагогикалық этиканы  сақтау;
  • Кәмелеттік жасқа толмаған (18 жас) оқушыларды 2300-уақытыннан кейін(жаз/қыс мезгілдеріне сай) көшеге мезгілсіз, қадағалаусыз жібермеуге;
  • Сабақ үрдісінен кейін студенттердің құққықбүзушылық, криминалдық және басқада тәртіпсіздігіне жол бермеуге немесе болған жағдайда өз мойындарына алуға;
  • Үнемі сабақ барысында және одан тыс уақытта студенттің үлгерімі туралы және тәртібі бойынша топ жетекшісімен хабардар болуға;

3. Студент міндетті:

  • Колледж аймағында, колледжде, көршілес орналасқан үйлер, аялдама маңында тәртіппен, тазалықты сақтауға; Қауіпсіздік шараларын сақтауға, жеңіл жаңғыш, тұтанатын заттарды пайдаланбауға,әкелмеуге;
  • Сабақ барысында көрсетілген аймақта жүрмеуге;
  • Сабақ кестесі бойынша сабаққа міндетті түрде қатысуға;
  • Сабақ кезінде тәртіпсіздік жасамауға;
  • Колледж ішінде, оқу кабинеттерінде сағыз шайнауға, темекі шегуге, түкіруге, қағаздар мен басқада керексіз заттарды тастауға тыйым салынады (арнайы белгіленбеген жерлерге);
  • Сабақ барысында мобилді телефондарды, планшеттерді қолданбауға;
  • Колледжге спирттік ішімдік ішіп келген оқушылар ескертусіз оқудан шығарылады.
  • Колледж  мүлкін бүлдіруге және сындыруға болмайды, ал ондай жағдай болған кезде кінәлі оқушы немесе оның заңды тұлғасы сол мүліктің нарықтық құнын төлеуге немесе жөндеуге;
  1. Колледж құқықтары:
  • Сабаққа қатысуға денсаулығы кедергі келтіретіні туралы дәрігердің қорытындысы болған жағдайда студентті сабаққа қайтадан кіріктіру;
  • Себепсіз сабақтан қалған жағдайда студенттерге колледж ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес 18 сағат сабақтан қалса – ескерту, 24 сағат – қатаң ескерту беріледі, 36-сағат сабақтан қалған студент колледжден шығарылады;
  • Студент ұзақ уақыт сабақтан қалған жағдайда қанағаттанарлықсыз нәтиже беруі және әр түрлі құқықбүзушылық, қылмыстық жағдайларға тап болуына педагогикалық ұжым жауапкершілігінен алынып тасталады;
  • Колледж ішінде немесе аймағында төбелесуге, ұрынуға, біреулерді үркітіп-қорқытуға, әркімнің жеке заттарына бопсалауға тыйым салынады, бұл жағдайда оқушы оқу орнынан шығарылады және құқық қорғау органдары есебіне тіркеледі;
  • Ата-аналар (заңды тұлғалар) өз міндеттерін жиі орындамаған жағдайда осы Ішкі тәртіп ережесін бұзу (бұл туралы «Ата-аналарға» 10 күн бұрын ескерту керек).
  • Студент колледжден үлгерімі, сабаққа қатыспағаны, тәртібі себебімен оқудан шығарылса бюджеттен қаражат шығынын (ыстық тамаққа қаражаты, шәкіртақысы) колледжге қайтарылады.

 

Тәрбие жұмысы орынбасары - М.Нұрханова

Онлайн кім

Қазір 75 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр